«Реал Мадрид» клубтан Криштиану Роналду кеткен соң 7-ші нөмірді Марко Асенсиоға бермек.

Өткен маусымда Асенсио 20-ші нөмірлі жейдемен ойнаған еді.

«Реал» сапында «7» деген нөмірді аңызға айналған Рауль және Раймон Копа қолданған болатын. Демек, клуб Асенсиоға осындай маңызды нөмірді сыйлағаны оған үлкен сеніммен қарайтынын білдіреді.

Естеріңізге салсақ, Криштиану Роналду осы жазда «Ювентусқа» 112 млн еуроға көшкен болатын.