Күдіктілер олимпиада чемпионы Денис Тенді өлтіріп алғанын әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұл ақпаратты қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев айтты.

«Күдікті Арман Құдайбергенов Дениске екі жерінен пышақ салған. Олар Денис Тенді өлтіріп алғанын кейін әлеуметтік желіден бір-ақ білген. Бұлар өздеріне ақша керек болған соң, осы қадамға барған. Екеуіде істеген ісін мойнына алды. Бұрын екеуі де ұрлық қылғаны үшін сотты болған»,- деді қалалық ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Полиция басшысы қала тұрғындарына белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірді.

Айта кетейік, 19 шілде күні Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кетті. Артынша оның қайтыс болғаны ресми түрде хабарланды.