«Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасын 0:1 есебімен жеңді.

Ойынның бірінші кезеңінде Константин Романов жеке өзі қарсыластар қорғанысын бұзып, матчтың жалғыз шайбасын соқты. Одан кейінгі екі кезеңде «Нефтехимикте» таразы басын теңестіріп кетуге тамаша мүмкіндіктер болды. Алайда «Барыстың» қақпашысы Ари Ахонен барлық соққыларды шебер қайтара білді. Қорытынды есеп - 0:1.

Осылайша «Барыс» 70 ұпаймен Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде үшінші орынға көтеріліп, Шығыс конференциясында «Ақ барсты» артқа тастап, бірінші орынға шықты.