Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Ертіс» пен литвалық «Тракай» арасындағы ойыннан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында павлодардық клубтың ойыншысы Александр Кислицынның жанкүйерлерлемен дөрекі сөйлескен сөзі жарияланды.

Александр Кислицынге қатысты бейнематериал Қазақстан футбол федерациясының тәртіптік-бақылау комитетінің алдағы жиынында қаралады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз-қызметі жазды.