Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада чемпионы Юлия Липницкая қазақстандық Денис Теннің өліміне қатысты пікірін айтты.

«Денис... Қазақстанға өз шоуына шақырған еді. Келесі жылы міндетті түрде барамын деп уәде бергенмін. Кейін өкініп қалмас үшін, бәрін уақытында істеу керек. Жылап отырмын. Сондай жарқын адамнан айырылып қалдық», - деп жазды Липницкая.

Айта кетейік, 19 шілдеде 25 жастағы Денис Тенге ұрылар пышақ сұғып, соның салдарынан мәнерлеп сырғанаушы ауруханада көз жұмған болатын. Ұрылар Денистің автокөлігіндегі айнаны алмақ болған сәтте спортшы келіп қалған.