Әлеуметтік желіде Денис Тен өліміне күдікті екі ер адамның видеосы пайда болды, деп хабарлайды prosports.kz.

Оқиға орнына жақын маңдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған бейне жазбаларда екі жас жігіттің жан-жағына жалтақтай қарап кетіп бара жатқаны күдік тудырып отыр.

Айта кетейік, ресми дерек көздері бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Алматының Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді белгісіз біреулер пышақтап кеткен болатын. Кейін спортшы емханада есін жимаған күйі қайтыс болды.