«Тобыл» футбол клубы Еуропа Лигасы алғашқы іріктеу кезеңі аясында «Самтредия» командасына қарсы жауапты кездесу өткізді, деп жазады prosports.kz.
Бір апта бұрын сырт алаңда 0:1 есебімен жеңіске жетіп қайтқан қостанайлықтар бүгін өз алаңында сенімді жеңіске жетті.
Матч бастала сала Бауыржан Тұрысбек әдемі гол соғып, ойынды әдемі бастады. Ал кездесу соңына қарай Аслан Дарабаев есепті 2:0-ге жеткізіп, ойын нүктесін қойды.
UEFA Еуропа Лигасы. Бірінші іріктеу кезеңі
«Тобыл» - «Самтредия» 2:0 (1:0)
«Тобыл»: Непогодов, Кассай, Мирошниченко, Дмитренко, Квеквескири, Нургалиев, Турысбек, Канкава, Жулпа, Быстров, Федин;
«Самтредиа»: Погорелый, Гурули, Мамасахлиси, Гуй, Липартия, Макацария, Ахаладзе, Бачиашвили, Фатич, Гогиашвили, Энделадзе.
Бас төреші: Тихомир Пеин (Хорватия)
Комментарии