Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мезгілсіз дүниеден өткен Денис Теннің ата-анасы Оксана Алексеевна мен Юрий Александровичке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

- Өз атымнан және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, сондай-ақ, еліміздегі барлық спорт қоғамының атынан ұлдарыңыз Денис Теннің мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтамын. Бүгін жас спортшыны танитын, оның шығармашылығын бағалап, талантымен мақтанатын барша қауым үшін қаралы күн. Өзінің спорттық ғұмырында Денис қайтпас рухымен, қайсарлығымен, чемпиондық мінезімен көзге түсті. Ол жас болғанына қарамастан, отандық мәнерлеп сырғанау спортының ұшар басында тұрды. Бүгін Қазақстан спорты даңқты Чемпионды жоғалтып алды. Біз сіздермен бірге қайғырамыз. Денис Теннің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, - делінген көңіл айту хатында.

Денис Тен 25 жасында қайтыс болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. 2014 жылғы Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, 2013 жылы Лондонда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2015 жылы Шанхайда өткен әлем чемпионатының қола жүлдгері, 7-ші Қысқы Азия ойындарының чемпионы.