Өскеменде волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан Астанасының 20 жылдығына орайластырылған турнирде таиландтық команда жеңіске жетті деп жазады Olympic.kz.

Клубтар арасындағы Азия чемпионатында Таиландтың «Суприм» командасы жеңіске жетті, екінші орында жапониялық «НЕК Ред Рокетс» клубы. Үшінші орында қазақстандық «Алтайды» жеңген Қытайдың «Цзянсу» командасы. Қола жүлдеге таласта Сана Анарқұлова бастаған «Алтай» командасы жас спортшылардан құралған қытайлық клубтан жеңіліс тауып, төртінші орында қалды.

«Алтай» ойыншысы Ольга Дробышевская турнирдің үздік шабуылшы, Наталья Шаршакова үздік орталық тосқауылшы атанды.

Клубтар арасындағы Азия чемпионаты, Өскемен:

1. «Суприм» (Таиланд)

2. «НЕК Ред Рокетс» (Жапония)

3. «Цзянсу» (Қытай)

4. «АЛТАЙ» (Қазақстан)

5. «Гаруда» (Индонезия)

6. «Пайкан» (Иран)

7. «VTV Бин Дьен Лонг Ав» (Вьетнам)

8. «CMFC» (Қытайлық Тайбей)

9. «Ланка Лайонс» (Шри-Ланка)