Қарағандылық «Шахтер» Чехияның бұрынғы ойыншысы Лукаш Дроппаны сапына қосты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Дроппаның «Шахтермен» келісім-шарты бір жарым жылға есептелген.

Өткен маусымда 29 жастағы Дроппа Словакияның жоғарғы лигасында 17 матч өткізді.

2016 жылы Дроппа Чехия үшін төрт ойын өткізді, соның ішінде 2018 Әлем кубогының іріктеу кезеңінде ойнады.