Францялық футболшы Еуропаның ең үздік жас ойыншысы атанды.

«Ювентус» клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба «Golden Boy 2013» жүлдесінің иегері атанды. Аталмыш марапатты жыл сайын итальяндық «Tuttosport» басылымы Еуропаның ең үздік жас ойыншысына ұсынады.

Погба жалпы 256 ұпай  дауыс жинап, сауалнама қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Екінші орынды «Эвертон» шабуылшысы Ромелу Лукаку алса (129 ұпай), үздік бестікке «Шальке» ойыншысы Юлиан Дракслер (120 ұпай), «Реал» қорғаушысы Рафаэль Варан (86) және «ПСЖ»  ойыншысы Маркиньос (44) кірді.