Бразилия құрамасының бұрынғы футболшысы Пеле 2014-ші жылы Бразилияда өтетін Әлем чемпионатына жеребе тартудан бас тартты.

«Бразилия президенті маған елімізде жеребе тартуды сұрады. Бұрында мен мұнымен айналыстым, бірақ қазір бас тартуға тура келіп тұр. Мен Бразилияны күрделі топқа жіберетін адамға айналғым келмейді», - дейді аты аңызға айналған спортшы.

Пеле 6-ші желтоқсан күні Мата-ди-Сан-Жуан қаласында өтетін салтанатты шараға бәрібір қатысатынын айтты, деп жазады «Газета.Ru» сайты.