Өзбекстан құрамасы мен «Ақтөбенің» ойыншысы Александр Гейнрих мансабын Қазақстанда жалғастырғысы келетінін айтты.  
 
«Әлі ешқандай ұсыныс келген жоқ. Маған Қазақстанда ойнаған ұнайды және де мансабымды осында жалғастырғым келеді. Чемпиондыққа таласатын командалардан ұсыныс келсе ауысар едім. «Астана» туралы айтатын болсақ маған Вадим Карленовичпен жұмыс істеген қашан да қызық. Ал «Ақтөбе» маған ұсыныс жасаса қуанышпен мақұлдаймын»,- дейді Гейнрих Сhampionat.asia сайтына.
 
Естеріңізге сала кетсек, «Астананың» жаңа бас бапкері Вадим Абрамов Гейнрихті командағы шақырғысы келетінін айтқан.