Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдуның туған жері Мадейрада өз мұражайын салды. Ішінде ойыншының естелік заттары мен фотолары сондай-ақ жүлделері қойылады.
 
Мұражайдың салтаннатты ашылуы  15-ші желтоқсан күні Роналдуның қатысуымен өтеді. Бұл туралы футболшының өзі мәлімдеді. Атақты ойыншы «Алтын доп-2013»-ке де орын дайындап қойғанын мәлімдеді. 
 
Биылғы маусымда Роналду 18 матчта 25 рет көзге түсті. Ал әлем чемпионатына іріктеу плей офф кезеңіндегі төрт голы Португалияны келер жылдың әлем біріншілігіне шығарды.