Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (332) Астанада өтіп жатқан «Қазақстан Республикасы Президентінің кубогы» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды prosports.kz.

Отандасымыз алғашқы айналымда ресейлік Роман Сафиуллинді (321) жарыс жолына шығарды.

2 сағат 9 минутқа жалғасқан кездесу 4:6/6:3/6:4 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.