Әлем чемпионаты аяқталғаннан кейін Аргентинаның бас бапкері өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Өйткені Хорхе Сампаоли бастаған жігіттер Ресейдегі доп аламанында басты фавориттердің бірі саналған. Бірақ плей-офф кезеңінен әрі аса алмады. Айтпақшы, оларды ширек финалға жібермеген Франция құрамасы болатын. Бірақ Хорхе Сампаоли мен жергілікті футбол қауымдастығы арасындағы келісімнің үзілуіне нақты не себеп болғаны белгісіз.

Белгілісі, ол 2022 жылға дейін Аргентина құрамасын жаттықтыруы керек болатын және келісімнің уақытынан бұрын тоқтатылғаны үшін 58 жастағы бапкер миллиондаған доллар өтемақы алуы тиіс.

Айта кетейік, Хорхе Сампаоли бұл қызметке 2017 жылдың маусымында тағайындалды.