Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Тобыл» мен грузиялық «Самтредиа» арасындағы қарымта кездесуде қазылық ететін төрешілер анықталды.

Матчтың бас төрешісі қызметін хорват Тихомир Пеин атқарады. Оған алаң жиегінде отандастары Горан Патаки мен Марьян Томас көмектеседі, төртінші арбитр — Зденко Ловрич.

Естеріңізге сала кетсек, бұл командалар арасындағы қарымта ойын 19 шілдеде Қостанайда өтеді. Басталуы – 19:00-де.

Алғашқы ойында қостанайлық ұжым сырт алаңда 1:0 есебімен ұтқан болатын.