Биыл «Самұрық Қазына» Әл-ауқат қоры ұлттық спорт түрлерін дамытуға 397 миллион теңге бөлген.

 Бұл туралы Қазақтың ұлттық ойындарын дамыту қауымдастығының вице-президенті Бекболат Тілеухан мәлімдеді.

«Соңғы жылдары ұлттық спортымыздың тынысы кеңейіп келеді. «Самұрық Қазына» әл-ауқат қорының демекшілік жасауымен биыл ұлттық спорт түрлерін дамытуға 397 миллион теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы төл спортымыздың жанашыры болып табылады. Халықаралық бүркітшілер жарысында қазақтың көнекөз үздік бүркітшілері партия тарапынан ақшалай сыйлыққа ие болды»,-деді Бекболат Тілеухан.

Оның айтуынша, халқымыздың ұлттық ойындарынан халықаралық турнирлер өткізу өте қиын. Мәселен, көкпаршылар мен бүркітшілері шекарадан өткізу, жануарларды тамақтандыру, ұлттық ойындар далада өткізілетіндіктен көп қаржылай шығынды талап ететін көрінеді. Алайда Бекболат Тілеухан 397 миллион теңгенің өзі аз аша еместігін тілге тиек етіп, осынау қаражатты орнымен жұмсап, ұлттық спорт түрлерін күллі әлемге паш етуге болатынын атап өтті.

«Құдай қаласа, 2017 жылы Астанада халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетінін білесіздер. Қазақтың бас қаласына жер-жаһаннан миллиондаған туристер келеді. Біз оларға не көрсетеміз? Меніңше, халқымыздың ұлттың ән жыры мен төл спортын көрсетіп қана, щетелдіктерді таңдай қақтыра аламыз»,-деді ол.