Бүгін Астаналық «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Нефтехимик» (Ресей, Нижнекамск) командасымен кездеседі.

Жалпы, Құрлықтық хоккей лигасы аясында екі команда 13 рет кездесіп, соның жетеуінде «Нефтехимиктің» жолы болса, алтауында «Барыс» басым түсті. Ал биылғы чемпионат аясында «Қазақстан» спорт кешенінде өткен соңғы ойында «Барыс» 5:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.Өткен

Құрлықтық хоккей лигасының жалпы турнир кестесінде «Барыс» (67 ұпай) - төртінші орында. Ал «Нефтехимик» 38 ұпаймен 21-ші орында келеді.

Бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша кешкі сағат 21:00-де басталады. Аталған матчты «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетеді.