Шабуылшы Ждахин Павел мансабын «Алтай Торпедо» командасында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

22 жастағы хоккейші өткен маусымда елордалық «Номад» сапында өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатында 59 матчқа қатысып, 25 ұпай (12+13) жинады.

Ждахин Павел

Алаңдағы орны: шабуылшыТуған жылы: 18.02.1996Бойы: 187Салмағы: 86