«Ливерпульдің» шабуылшысы Луис Суарес Англия чемпионатының 14-ші турында «Норвичке» қарсы өткен матчта төрт голдың авторы атанды.

Уругвайлық шабуылшы 15-ші, 29-шы және 35-і минуттарда, яғни қамшының сабындай жиырма минуттың ішінде хет-трик жасады. Ал екінші таймның 74-ші минутында шабуылшы айып добын шірене теуіп қақпа саңлауын дәл тапты. «Энфилдегі» ойын 5:1 есебімен қожайындар пайдасына шешілді. Тағы бір голды атына қызылдар сапындағы Рахим Стерлинг жазды. Жалғыз гол қайтарған «Норвич» ойыншысының аты-жөні Брэдли Джонсон.

Суарес биылғы маусымда 13 рет көзге түсіп бомбардирлер қатарын бастады. «Манчестер Ситинің» шабуылшысы Серхио Агуэро екінші келеді.

Турдағы өзге матчтардың нәтижелері:«Сандерленд» - «Челси» - 3:4«Арсенал» - «Халл Сити» – 2:0«Саутгемптон» – «Астон Вилла» - 2:3«Вест Бромвич» - «Манчестер Сити» - 2:3«Сток Сити» – «Кардифф Сити» – 0:0«Суонси» - «Ньюкасл» – 3:0«Манчестер Юнайтед» - «Эвертон» - 0:1«Фулхэм» - «Тоттенхэм» -1:2