Ресейде биыл 22-ші рет жалауы желбірейтін Достастық кубогының жеребесі тартылды. «С»  тобына түскен Қазақстанның жастар құрамасы Беларусь, Өзбекстан және Латвиямен күш сынасады. 
 
ХХІІ Достастық кубогы келер жылдың 24-ші қаңтары мен 2-ші ақпан аралығында Петерборда өтеді. Додаға 12 елдің жастар құрамасы қатысады деп жоспарланған.

«А» тобы: Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Эстония.«В» тобы: Ресей, Литва, Молдова, Түркіменстан.«С» тобы: Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Латвия.