«Ақтөбе» футбол клубының директоры Игорь Кистер NEWS.amSport сайтына берген сұхбатында, ақтөбелік клубтың Армения құрамасы мен «Кубань» командасының ойыншысы Маркос Пиззелиге қызығушылығы бар екендігін  айтты.

— «Ақтөбеге» Маркос Пиззели көшеді деген сыбыстар қаншалықты рас?

— Маркос Пиззелли «Ақтөбе» сапына аусуы мүмкін. Бізге бұл ойыншыны ұсынды. Қазіргі таңда командамыз демалыста. 15-ші желтоқсанда жиналамыз. Сол кезде шешеміз. Бізге көп ойыншыларды ұсынуда, мұқият қарастыруымыз қажет. Бапкердің не айтатындығын күтеміз, сол кезде ғана ойыншыларды сатып алуды бастаймыз.  

— Роберт Арзуманян жайлы не айтасыз? Клуб басшылығына оның көрсеткен ойыны ұнады ма?

— Ия, көңілімізден шықты. Тізесін жараққатанып алған еді. Ал, былай негізі Роберт өз жұмысын адал және әдепті атқарды. Келесі маусымда бұдан да жақсы ойнайды деген үміттеміз.