Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов Калифорния штатындағы Florentine Gardens ойын-сауық кешенінде жекпе-жекке шықты.

Төрт раундқа созылады деп жоспарланған кездесуде Асхат Дарел Харристан (1-2-1, 1 КО) басым түсті. Төрешілер жеңісті бірауыздан қазақстандық боксшыға берген.