Рио-де-Жанейро қаласында 2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатының ресми добының таныстырылымы өтті деп хабарлайды Би-би-си. Доп осы елдің жалауы түстес етіп жасалған және оған «Бразука» деген атау беріліп отыр.

«Бразука» сөзінің қазақша аудармасы «отандас» деген мағынаны береді. Интернетте жүргізілген сауалнамаға қатысқандардың 70 пайызы осы атауға дауыс беріпті.

Ал, допты жасап шығарған Adidas компаниясының өкілдері ең соңғы жетік технологияны пайдаланғандарын айтып отыр.

Айта кетейік, футболдан әлем біріншілігі Бразилия елінде 2014 жылдың 12 маусымында басталып 13 шілдесінде аяқталады.