Бүгін бір жылдан астам уақыт үзілістен кейін қазақ боксшысы Асқат Уәлиханов шаршы алаңға қайта шығады. Ол Голливудта өзінің кәсіпқой бокстағы төртінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz Diamondring сайтына сілтеме жасап.
Биыл жылдың басында әйгілі менеджер Эгис Климаспен келісімшартқа отырған Асқаттың қарсыласы америкалық Дарел Харрис. 29 жастағы боксшы үшін бұл шаршы алаңдағы бесінші айқас. Алғаш рет кәсіпқой бокстың былғары қолғабын сонау 2010 жылдың желтоқсанында киген екен. Қарсыласын нокаутпен ұтқан. Араға екі ай салып, тағы да шаршы алаңға көтерілген Дарел ол жолы тең түскен. Дегенмен, содан кейін жеті жылдан астам уақыт шаршы алаңға шықпаған. Биыл мамырда ғана үлкен боксқа қайта оралды. Бірақ, сәтсіз жұдырықтасып, қатарынан екі жекпе-жекте жеңіліп қалды.
Жекпе-жек Голливудта өтеді. Барлығы төрт раундқа жоспарланған.
Комментарии