Өскемендік «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңда «Динамо» (Ресей, Мәскеу облысы, Балашиха) командасын жеңді.

Бұл ойында «Динамо» хоккейшілерінің қарқыны қатты болды. Матчтың бірінші кезеңінде олар екі минуттың ішінде үш шайба соғып, «Қазцинк-Торпедоны» айқын басымдықпен жеңе бастады. Есеп - 0:3. Екінші кезеңде есеп айырмасы өзгермеді. Алайда үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы төрт минуттың ішінде таразы басын теңестіре білді. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында Александр Волжанкиннің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 4:3.

Осы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирк кестесінде 4-ші орынға көтерілді.