Испания құрамасының бас жаттықтырушысы Луис Энрике ресми түрде 19 шілдеде таныстырылады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға Испанияның Корольдік футбол федерациясының (RFEF) басшысы Луис Рубиалес және спорттық директор Хосе Франциско Молина қатысады.

Энрике команданы 9 шілдеде Фернандо Херроны алмастырған болатын. Турнирдің басталуына бір күн қалғанда федерация «Реал Мадридке» басшылық еткен Хулен Лопетеги қызметінен босатты.