«Астана» футбол клубының Вконтакте желісіндегі ресми парақшасында жанкүйерлер «Сутьескаға» қарсы кездесудің үздік ойыншысын дауыс беру арқылы анықтады.

Черногория чемпиондары қақпасына соғылған жалғыз голдың авторы Роман Мұртазаев үздік атанды. Роман 11 мертлік айып соққысын сәтті орындаған еді.

Екінші орында Ласло Кляйнахайслер. Венгриялық ойыншы жанкүйерлер тарапынан 12,4% қолдау тапты.

Үздік үштікті Марин Томасов қорытындылады. Хорватиялық жартылай қорғаушы кездесуде қарсылас команда қақпасына ең көп қауіп төндірген футболшылардың бірі атанды. Дауыс беру бойынша үздік бестік: 1.Роман Муртазаев 35,6% 2.Ласло Кляйнхайслер 12,4% 3.Марин Томасов 10,4% 4. Ненад Эрич 10% 5.Дмитрий Шомко 7,2%

Дауыс беруге 3 615 адам қатысты.