2018 жылғы әлем чемпионатының финалдық матчында Франция мен Хорватия құрамалары күш сынасады.

Бұл ойында аргентиналық төреші Нестор Питана қазылық етеді.

43 жастағы төреші биылғы әлемдік додада төрт матчта қызмет етіп, 12 сары қағаз бен 2 пенальти берген.

Айта кетейік, финалдық матч 15 шілдеде Мәскеуде «Лужники» стадионында өтеді.