Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін елордалық «Барыс» хоккей клубы «Тракторды» айқын басымдықпен ұтты. Челябіде өткен кездесу 0:4 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді. 

28 қазан күні Астанада өткен кездесуде «Барыс» ХК өз алаңында бұл құрамаға 1:5 есебімен есе жіберіп алған болатын. Осылайша, Қазан қалысының «Ақ Барс» командасын ұпайға озып, ҚХЛ-ның Шығыс Конференциясында көш бастауға мүмкіндігі туды.

Кездесудің екі кезеңінен кейін-ақ ойынның нәтижесі белгілі бола бастады - 0:4. 8 минут аралығында Дмитрий Упер, Роман Старченко, Найджел Доус пен Михаил Паньшин көзге түсті.

Келесі ойынды елордалықтар 5 желтоқсан күні Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикпен» өткізеді. 

«Трактор» (Челябинск) – «Барыс» (Астана) (0:1, 0:3, 0:0)

0:1 – Уппер (Руденко) – 08:13

0:2 — Старченко (Уппер) — 24:34

0:3 — Доус (Боченски, Баркер) — 32:56, в большинстве

0:4 — Паньшин (Гаврилин) — 36:26

ҚақпашыларГарнетт – Ахонен