Қарағандылық  «Сарыарқа» хоккей клубы сырт алаңда «Спутник» (Ресей, Нижний Тагил) командасын айқын басымдықпен жеңді.

Бұл ойында алаң иелері есепті бірінші болып ашты. Алайда үш минуттың ішінде «Сарыарқа» есепті теңестіріп, бірінші кезеңнің аяғына дейін өз басымдығын ұлғайтты. Есеп - 1:2. Екінші кезеңде қарсыластар қақпасынан тағы екі шайба табылды. Ал үшінші кезеңде Қарағанды қаласының хоккей клубы төрт бірдей шайбаны соғып, есеп айырмасын 1:8-ге жеткізді. Соңғы секундтарда «Спутник» тек бір ғана шайбаны қайтара білді. Қорытынды есеп - 2:8.

Айта кетейік, кешегі ойыннан кейін «Сарыарқа» хоккей клубы тағы үш ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпы турнирлік кестесінде 7-ші орынға көтерілді.