«Астана» және «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) футбол клубтары 2019 жылдың шілдесіне дейін Конго ДР құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананганы қазақстандық командаға жалға беру туралы келісімге қол қойды, деп жазады клубтың ресми сайты.

Еске сала кетейік, Жуниор «Астана» сапында 3 маусым өткізіп, 89 ойында 38 гол соғып, 19 нәтижелі пас берді. Дәл қазіргі уақытта Кабананга клуб тарихындағы үздік сұрмергендер тізімінде үшінші орында тұр.

Конго ДР құрамасының шабуылшысы «Астана» сапында жүріп өте маңызды голдарың авторы атанды. 2016 жылы Қазақстан Кубогы аясында «Қайрат» қақпасына шешуші голды соқса, 2015 және 2017 жылдары «Ақтөбе» және «Ақжайық» командалары қақпаларына гол соғу арқылы елорда командасына алтын жүлде сыйлаған еді.

Кабананга еурокубоктерде «Астана» сапында «Маккаби» (екі рет), «Вильярреал», БАТЭ, «Олимпиакос», «Легия» қақпаларына жалпы саны 6 гол соққан.

Жуниор Кабананга Конго ДР құрамасының қатарында 2017 жылғы Африка Ұлттар Кубогында үздік сұрмерген атанып, аталмыш турнирдің таңдаулы құрамына болатын.

Айта кетейік, Жуниор «Аль-Наср» сапына 2018 жылдың қысында ауысып, 6 ойында 4 гол соқты.