WBO чемпионы Билли Джо Сондерс WBA Super, WBC және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу туралы пікірін айтты.

«Рок-н-роллға дайынмын, бірақ мықты жігіттердің ешқайсы да менімен жұдырықтасқысы келмейді. 2016 жылы Головкинмен жекпе-жек өткізгім келген, қазір 2018 жылы онда IBF титулы жоқ. Сондықтан, бұл біріктірілген жекпе-жек болмайды. Ол менімен жекпе-жек өткізгісі келмейді. Енді ешкімнің артынан жүгірмеймін», - еді британиялық боксшы.