«Астана» Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өз алаңында черногориялық «Сутьесканы» 1:0 есебімен жеңді.

Осылайша, елордалық команда Чемпиондар лигасында өз алаңында 12 матч бойы жеңілмей келеді. «Сутьескаға» дейін «Астана» өз алаңында «Морибор», ХИК, АПОЭЛ, «Жальгирис», «Легия» және «Селтик» клубтарын жеңген. Сондай-ақ, «Галатасарай», «Атлетико Мадрид», «Бенфика», «Селтик» және «Спартак» (Юрмала) командалармен тең түсті.

Енді «Сутьескаға» қарсы қарымта матч 18 шілдеде Никшичте өтеді.