«Ювентус» жартылай қорғаушысы Хуан Куадрадо Криштиану Роналдуға жетінші нөмірді берді, деп хабарлайды Prosports.kz

10 шілдеде «Ювентус» 33 жастағы португалиялық шабуылшымен төрт жылдық келісімшартқа отырған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Реал Мадрид», «Манчестер Юнайтед» және Португалия ұлттық құрамасындағы спорттық мансабында тек жетінші нөмірмен ойнап келеді.