«Реал» форварды Карим Бензема өзінің твиттер парақшасында клубтан кетуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz

«Тоғыз жыл бұрын «Реал» жейдесін киген болатынмын. Мен президентке, клубқа және менімен жұмыс істеген барлық жаттықтырушылар мен серіктестеріме алғыс айтамын. Бұл белгіні қорғағанымды мақтан тұтамын. «Реалға» алғысым шексіз», - деп жазды Бензема.

Карим 2009 жылдан бері «Реал» сапында ойнап келеді. Осы уақыт ішінде мадридте клубта өткізген 276 матчта 127 гол соқты.