Зейнеткерлік жасына жетуіне байланысты Нығматулин Арғын Зайруллаұлы «Сарыарқа» хоккей клубы директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Арғын Зайруллаұлы әлі күнге дейін Қазақстан Республикасы шайбалы хоккейден жастар ұлттық құрамасының бас менеджері және Қазақстан хоккей федерациясының Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады. Әрі ол Қарағанды филиалын басқарады.