Биыл ғана Қазақстан азаматтығын алған теннисші Тимофей Скатов жастар арасындағы Уимблдон біріншілігінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Скатов үшінші айналымда қытайлық Му Таоға есе жіберді.

1 сағат 24 минутқа жалғасқан кездесу 0:2 (4:6, 4:6) есебімен аяқталды.