Алматылық «Қайрат» футбол клубы Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчын өткізу үшін Андорраға аттанды, деп хабарлайды prosports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, алматылықтар Еуропа лигасына жорығын ертең бастайды. Алғашқы қарсыласы Андорраның «Энгордани» командасы. Кездесу 13 шілде Астана уақыты 00:00-де басталады.