«Реал Мадрид» шабуылшысы Гарет Бэйл өзінің бұрынғы серіктесі Криштиану Роналдудың мансабына сәттілік тіледі, деп хабарлайды Prosports.kz

Бүгін 33 жастағы португал рйыншысы «Ювентустың» ойыншысы атанды.

«Теңдессіз ойыншы және керемет жігіт! Мен 5 жыл бойы Роналдумен бірге ойнағаныма қуанамын . Болашақта сәттілік тілеймін, досым! - дейді Бэйл твиттердегі параөшасында.

An incredible player and a top guy! It has been a pleasure to play alongside you for the last 5 years. Good luck for the future my friend pic.twitter.com/KBYLMYaWjP

— Gareth Bale (@GarethBale11) 10 июля 2018 г.

Роналду 2009 жылдан бастап «Реал Мадридте» ойнап келе жатыр. Осы уақыт ішінде ол 15 трофей иегері атанды, оның ішінде төрт рет Чемпиондар лигасы кубогын иемденді. 2017/18 маусымындағы турнирлерде 42 ойын өткізіп, 42 гол соқты. Сонымен қатар, португалиялықтың қоржынында бес «Алтын добы» бар , оның төртеуін «Реал» сапында алған.