Azerifootball.com сайтының мәлімдеуінше, қазақ футболының ардагерлері Әзірбайжанның Ленкорань қаласын бетке алды.Мустафа Денизли жаттықтыратын «Хазар» ФК 32 жастағы қақпашы Давид Лория мен 34 жастағы қорғаушы Самат Смақовқа қызығушылық білдірді.

Болжам бойынша, «Хазар» қос ойыншыға бір жарым жылдық келісім шарт пен қомақты қаржы сомасын ұсынады. Естеріңзіге сала кетсек, футболшылар Түркияда өнер көрсеткенде жылдық табыстары 400 мың АҚШ долларын құраған.