Алдағы маусымға дайындық аясында «Барыс» Башқұртстан Республикасының астанасы Уфа қаласында 25-28 тамызда өтетін Кубокқа қатысады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaibа.kz-ке сілтеме жасап.

Турнирге Екатеринбург қаласынан «Автомобилист» Нижнекамскден «Нефтехимик» және Уфадан «Салават Юлаев» командасы қатысады.

25 тамыз. «Нефтехимик» (Нижнекамск) – «Барыс» (Астана). Матчтың басталу уақыты - 16.00 (Астана уақытымен).26 тамыз. «Автомобилист» (Екатеринбург) – «Барыс» (Астана). Матчтың басталу уақыты - 18.00 (Астана уақытымен).28 тамыз. «Салават Юлаев» (Уфа) – «Барыс» (Астана). Матчтың басталу уақыты - 22.00 (Астана уақытымен).