Бұған дейін Талдықорғанның «Жетісу» командасында доп тепкен хорватиялық легионер Денис Главина «Ақжайықпен» келісімшартқа қол қойған, деп хабарлайды prosports.kz оралдық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл Денистің оралдықтар сапында алғаш рет өнер көрсетуі емес. 2017 жылы «Ақжайық» қатарында 14 ойынға қатысып, екі гол соққан болатын.

Осы маусымды «Жетісу» командасында бастаған хорват ел біріншілігінде 14 матчта алаңға шықты. Ол енді жаңа командасында 3-ші номермен өнер көрсететін болады.