Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов 2018 жылығ Азия ойындарына қатысатын боксшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды prosports.kz бокс федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Азия ойындарына баратын Қазақстан ерлер құрамасы:

49 келіге дейін: Теміртас Жүсіпов,52 келі: Азат Махметов,56 келі: Қайрат Ералиев,60 келі: Саматали Төлтаев,64 келі: Бекдәулет Ибрагимов,69 келі: Асланбек Шымбергенов,74 келі: Әбілхан Аманқұл.

Осы жылдың көктемінде AIBA ел күтпеген шешім шығарып, Азиядаға ерлер жеті салмақ дәрежесінде ғана қатысатын болды. Ал 81, 91 және 91 келіден жоғары салмақ категориясындағы боксшылар бұл жолғы Азия ойындарына бара алмайтыны белгілі болған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы жазғы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қалсында өтеді.