Әлем чемпионатының жартылай финалындағы Хорватия мен Англия матчынла түркиялық Джюнейт Чакыр төрелік етеді.

Оған алаң жиегінде отандастары Бахыттын Дуран мен Тарик Энгюн көмектеседі. Қосалқы арбитр – Бьорн Кейперс, төрешінің қосалқы көмекшісі – Сандер ван Рекель (екеуі де – Нидерланды).

Айта кетейік, Хорватия – Англия матчы 11 шілдеде Мәскеуде «Лужники» стадионында өтеді.