Астаналық «Барыс», қарағандылық «Сарыарқа» мен өскемендік «Торпедо» Еуропадағы үздік хоккей клубтары қатарына енді. Бұл тізімді HockeyArchives жасақтаған.

«Барыс» рейтингіде 55-ші орында тұр. «Сарыарқа» 156-шы, «Торпедо» 183-ші орындарды еншіледі.

Сонымен қатар, рейтингіде Қазақстан чемпионатының клубтары да енді. «Барыстың» фарм-клубы «Номад» 163-ші, көкшетаулық «Арлан» 194, атыраулық «Бейбарыс» 219, петропавлдық «Құлагер» 227, «Теміртау» 229 және павлодарлық «Ертіс» 250-ші сатыларға табан тіреді.