Алматылық команда екі ойыншысы, Руслан Сахалбаев және Қазбек Гетериевпен келісімшартты бұзды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Естереңізге сала кетсек, бұның алдында «Қайрат» Тимур Байжанов, Кирилл Шестаков және Алексей Еременкомен қош айтысқан.