«Манчестер Юнайтед» пен Англия құрамасының бұрынғы ойыншысы Пол Скоулз келер жылы өтетін әлем біріншілігінде ағылшындардың мүмкіндігін саралап көрді.

- Гари Невилл бізде мүмкіндік бар дейді, алайда меніңше ешқандай мүмкіндік жоқ.- Жеңіске жету өте қиын болады. Джеррард пен Руниге көмектесетін мықты ойыншылар бар. Алайда команда ретінде олар жақсы ойнай ала ма?- Ол үшін Бразилия, Аргентина, Чили, Испания, Италия және Германия секілді командаларды ұтуымыз қажет. Бірақ ылғи да мұндай осал командалармен кездескенде қиналамыз. Шамамыз сол Польша, Украина секілді командаларға жетеді, — дейді Скоулз «The Telegraph» басылымына.