11-18 шілде аралығында Өскеменде волейболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты өтеді, деп жазады prosports.kz Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық күнтізбедегі маңызды додаға құрлықтың 9 командасы қатысады

Командалар үш топқа бөлінген. «А» тобында Тайланд, Жапония және Қытай құрамалары кім мықтыны анықтайды. Қазақстан, Қытайлық Тайпей және Иран құрамалары «В» тобында ойнаса, «С» тобына Вьетнам, Индонезия және Шри-Ланка құрамалары орналасқан.